KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Ұлттық парктер аумағына кірудің жаңа тарифтері жарияланды

Фото: markakol-zapovednik.kz

15.12.2023, 23:20 181 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қазақтың көркем табиғатын көздің қарашығындай сақтау елге міндет. Сол себепті Қазақстандағы ұлттық парктер аумағына кірудің жаңа тарифтері өзгереді.

 

Жаңа тарифтерді қолдану 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Салық кодексінің 591-бабына мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағына көлік құралдарының кіруі үшін төлем алу бойынша толықтыру енгізілді. Бұл төлем ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін есептелінеді.

 

Мәселен, жаяу жүргіншіден – 0,1 АЕК, мотоциклдерден, мопедтерден, квадроциклдерден – 0,2 АЕК, жеңіл автомобильдерден – 0,3 АЕК, орын саны 16-ға дейінгі шағын автобустар мен жүк автомобильдерінен – 1 АЕК, орын саны 32-ге дейінгі автобустардан – 2 АЕК, сондай-ақ орын саны 32-ден жоғары автобустардан 3 АЕК сомасында болады. Бұл өзгеріс 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

Тарифтердің өзгеруі жаяу туризмнің дамуына да әсер етпек. Сондай-ақ қоршаған ортаға автокөліктерден келетін зиянды азайтып, табиғи орындарды сақтауға оң әсерін тигізеді.

 

Айта кетейік, 2024 жылы 1 АЕК мөлшері 3 692 теңгені құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив