KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Кәсіп иелерін тексеру азаяды

aikyn.kz

18.12.2023, 19:30 140 Назерке Каримова

Қазірдің өзінде заңнамалық тәртіп жеңілдеп, 9 мыңнан аса талап алынып тасталды.

Жыл соңына дейін тағы мыңға жуық міндетеме қысқарады. Бұл жайлы Сенат депутаты Сұлтанбек Мекежанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі 24KZ арнасына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, елде қабылданатын жаңа Салық кодексі аясында салық төлемі 20%-ке дейін азаяды. Сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету де жоспарланып отыр. Соған байланысты жекешелендіру жұмысы қарқын ала бастады. 

- 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін төмендетуге ұсынылып  отыр. Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 380 нысан іске асырылды, 64 нысан тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр, оның шеңберінде салық төлеушіге бағдарланған әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетін болады. Салық есептілігі 30%-ке, ал салық төлемдері 20%-ке қысқарады, - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив