KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Студенттер білім беру кредитін қалай ала алады?

Фото: fin100.kz

18.01.2024, 17:10 308 ALTAINEWS

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерге арналған мемлекеттік білім беру несиесінің жаңа тәртібін әзірлеп, қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

 

Оған сәйкес, несие ұлттық валютамен және 10 жыл мерзімге беріледі.

 

Аталған несие түрінің бұған дейін "Қаржы орталығы" АҚ жүйесімен екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп келген несиеден бірқатар айырмашылықтары бар.

 

Кредит студенттердің бәріне бірдей берілмейді. Оны алу үшін студент келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

 

Қазақстан аумағындағы ЖОО не ЖОО-дан кейінгі оқу орнының студенті болу;

 

ҚР-ның тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті бір азаматының кепіл болуы (егер студент жетім, не ата-ана қамқорлығынсыз қалған болса, бұл талап міндетті емес);

 

Оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде жинағының барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шартының болуы.

 

Несие 10 жыл мерзімге берілгенімен, оны төлеу ЖОО бітірген соң емес, оқу кезінде, яғни несие берілген айдан кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса, несиені төлеу уақыты шегеріледі.

 

Несие беру 100 пайыз мемлекеттік ұйым арқылы жүзеге асырылады. Алайда, жобада бұл ұйымның атауы нақтыланбаған.

 

 Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив