Өскеменде экологиялық жағдай бойынша деректер базасы құрылады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев экология мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында «Өскемен тынысы» экологиялық бюросының жұмысы ресми түрде бастау алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бюро жетекшісі Елена Березинская-Абилова жұмыс жоспарын таныстырып, алдағы мақсаттарды айқындады.
– Бүгінгі күнгі басты міндет – Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды жан-жақты зерттеу және деректер базасын әзірлеу. Бұл құжатқа тек кәсіпорындардың шығарындылары туралы ақпарат қана емес, сонымен қатар қоғамдық көлік, жеке сектор, қауіпті метеорологиялық жағдайлардың маусымдық ерекшеліктері, атмосфералық ауаның сапасын өлшеу бекеттері туралы мәліметтер де енгізіледі. Мұндай база жағдайды барынша дәл әрі нақты бағалауға мүмкіндік береді және болашақта қандай шаралар қабылдау керектігі жөнінде нақты іс-қимыл алгоритмін жасауға негіз болады, – деді аймақ басшысы.
Оқи отырыңыз