KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Полиция адам ағзасын сатудың жолын кесті

Фото: Polisia.kz

31.01.2024, 20:15 104 ALTAINEWS

Ақмола облысында полиция адам ағзасын сатудың жолын кесті.

 

Polisia.kz мәліметі бойынша, қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатпақшы болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сатуды ұсынған, ал оны сатып алу операциясы туралы барлық келісімдерді қабылдаушы ұйымдастыруы керек еді. Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты. Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. Көкшетау қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Қатысушының өзі мұндай шарасыз қадамға құмар ойынға тәуелділіктен жинақталған қарыздарына байланысты барғанын түсіндірді, - делінген полицияның ақпаратында.
 

 Қазір бұл  факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив