KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Сенатор Қазақстандағы медицина қызметкерлері мен құқық қорғаушылар мәртебесін теңестіруді ұсынды

Фото: med.mcfr.kz

1.02.2024, 20:15 155

Сенатор Амангелді Толамисов Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған оқиғадан кейін медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

 

Әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланған бұл оқиғадан кейін сенатор  Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.

 

Амангелді Толамисов шабуылдаушы жедел жәрдем жүргізушісіне физикалық соққы жасаған жағдайдың ауырлығын атап өтті, салдарынан ол көлікті басқара  алмады. Сонымен қатар, шабуылдаушы шұғыл медициналық көмек күткен бір жасар баланың жағдайына қауіп төндірді.

 

- Өкінішке орай, мұндай жағдайлар жалғыз осы емес. Медицина қызметкерлері күн сайын миллиондаған адамдардың өмірі үшін күресіп жатқанда, олар өздерінің өмірі мен денсаулығына қауіп- қатерді қайдан күтетінін білмейді, - деді Амангелді Толамисов.

 

Сенатор медицина қызметкерлеріне шабуыл жасайтын немесе оларға агрессия көрсететін адамдар үшін жазаны қатаңдатуға шақырды.

 

Ол полиция қызметкерлеріне қатысты қолданылатын сияқты медицина қызметкерлерін қорғайтын нақты заңнамалық нормалардың жоқтығына назар аударды.

 

Бұл олқылықты жою үшін Толамисов медицина қызметкерлерінің мәртебесін олардың  қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің деңгейіне көтеру шараларын ұсынды.

 

Сонымен қатар жедел жәрдем көліктерін регистратормен жабдықтауды және медицина қызметкерлері үшін де, науқастар үшін де кешенді қауіпсіздік жоспарын енгізуді ұсынды.

 

Сондай-ақ өз міндеттерін орындау кезінде медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіндерді жазалау үшін нақты заңнамалық шаралар қабылдауға шақырды.

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу