KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Өскеменде екі бірдей ауданның жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 11:50 54 Төлеуғазы Жансая


Облыс орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жәрмеңке әдеттегідей қаладағы жаңа көтерме-бөлшек сауда орталығында ұйымдастырылды. Осы аптада Марқакөл мен Күршім аудандарының өнімдері саудалануда.

– Бүгін қаламыздағы «Алтай» жаңа көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында екі бірдей ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілері және қала кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтуде. Жалпы, қазіргідей баға тұрақсыздығы заманында мұндай жәрмеңкелердің болуы өте маңызды. Басты мақсатымыз – халыққа қолжетімді бағадағы өнімдерді ұсыну. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бүгін ең негізгі әрі қажетті ауылшаруашылығы өнімдері ғана саудалануда. Алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр, сондықтан бүгінгі жәрмеңкені өскемендіктер мен қала қонақтары үшін қолжетімді бағадағы өнімдерді сатып алудың тамаша мүмкіндігі деуге болады. Бұл бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастыра бермекпіз, – деді жәрмеңкені аралап көрген Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев.

Бұл күні қос ауданнан әкелінген өнімнің дені ет пен бал болыпты. Атап айтсақ, Күршім ауданы өскемендіктерге жалпы көлемі 10 тонна болатын қой, сиыр және жылқы етін, сондай-ақ бір тоннаға жуық балық пен 500 келі бал әкелген екен. Ал Марқакөлдік ағайын үш тоннадан астам ет өнімдерін жеткізіпті.

Нұржан Кенжеұлы
Фото: Аяужан Утеулинова
Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу