KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өскеменнің өңі кіріп қалды

Фото: Altainews

Кеше, 20:00 65 Гульжан Мусина

Соңғы жылдары «Өскемен қаласы адам танымастай өзгерді» демесек те, қала тұрғындары мен көлік жүргізушілердің, әсіресе спорт сүйер қауымның, балалардың игілігі үшін ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Айталық, Орталық универсам алдындағы гүлзарлар абаттандырылып,  Қазақстан және Қабанбай батыр атындағы орталық көшелерінен А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханаға дейінгі көлік жолдары  толықтай жаңартылды.

Потанина, Астана, Қашаубаев, сондай-ақ, Новаторов көшесі мен Шәкәрім даңғылының бойындағы, Гаваньдағы Репин және Машинажасаушылар көшесінің жаяу жүргіншілерге арналған жолдары мен сол маңдағы гүлзар алаңқайлары толықтай абаттандырылып, ел игілігіне ұсынылды.

Защита ауданындағы, Комсомолдар аралындағы, Комендантка өзенінің сағасындағы, «Нұрлы Жол» саябағындағы, Өскемен аллеясындағы, Интернационалист жауынгерлерге арналған және Амфитеатр маңындағы бауырластар бейітіне, Үлбі өзенінің көпірінен С.Нұрмағамбетов, Мызы, Қабанбай батыр көшелеріне, сондай-ақ, Шәкәрім көшесінің бойына орналасқан Мемлекеттік кірістер басқармасынан Металлургтер сарайына дейінгі  қалалықтарға арналған демалыс орындары мен спорттық шаралар өткізуге арналған алаңдар,  гүлзар-алаңқайларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Халық қорының қатысуымен» (ХҚҚ) бағдарламасы аясында қаланың көне бөлігіндегі 52 тұрғын үйдің қасбетіне жөндеу жүргізіліп, 12 аула аумағында (оның 7-уі кездесу есеп беру нәтижесінде) балаларға арналған ойын алаңдары, оның 5-еуі халық қорының қатысуымен, сондай-ақ, үш спорт алаңы (1-еуі ХҚҚ) орнатылды. 

                                                                                                  Серік Құсанбаев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу