ШҚО полициясы 100 жастағы ардагер Құрмат Рахимовтың тілегін орындады
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі істер органдарының қызметкері және қайсарлықтың символына айналған Құрмат Рахимов үшін естелік сапар ұйымдастырды. Бұл сапар ардагердің «Ертіс үстіне салынған Күршім көпірін көрсем» деген ізгі тілегін орындауға арналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ардагер туған жері Күршім ауданына барып, биыл ғана салынған Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді өз көзімен көрді. Бұл көпір — өңір дамуының жарқын үлгісі әрі халықтың көптен күткен арманы.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрмат ақсақалды Күршім әкімдігі, Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар ән шашумен қарсы алды.
Ардагерді ерекше толқытқан тағы бір сәт – Күршім ауылындағы мектепте өз атына ашылған «Жас сақшы» кадет сыныбын көру болды.
Құрмат Рахимов балаларға ақ батасын беріп, елдің арқа сүйер азаматы болуларына тілектестігін білдірді:
Ардагер оқушыларға «Құрмат Рахимов – жас сақшы» төсбелгісін табыстады. Бұл белгі – ұрпақтар сабақтастығы мен патриотизмнің жарқын көрінісі. Сонымен қатар, ардагер балаларға естелік сыйлықтар мен жаңажылдық тосын сыйлар жасады.
Жанарагүл Мұқатай