KZ
Өскемен
-4°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Жол-көлік инфрақұрылымы ­­­­­­­­­­­жақсаруда

Фото: Махаббат Ахметжанова

Бүгін, 16:00 63 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстанда 2024 жыл  «Жол жылы» деп жарияланған еді. Осыған орай Өскеменде бірнеше ірі жоба жүзеге асырылды. Мәселен, қыркүйекте Абай мен Шәкәрім даңғылдарының бойында бой көтерген жаңа жағалаудың ашылу салтанаты өтті. Жібек Жолы көшесінен бастап «Өскемен  – ­­­­­­Алматы» автомобиль трассасына және Базовая көшесі бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесі, сондай-ақ, Славский жағалауы мен Пермитин көшесінің қиылысындағы көлік айрығының құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Жолдағы шұңқырларды жөндеудің нәтижесінде, 74,2 мың шаршы метр жол төсемі қалпына келтірілді. Жалпы ауданы 256,7 мың шаршы метр жолға қиыршық тас төселген. Қиыршық тастар жалпы ұзындығы 46,6 шақырымды құрайтын 80 көшеге себілген. Ал 34,9 км тас жолдың 38 бөлігі орташа жөндеуден өткен. Сондай-ақ, 7,4 шақырымдық жерге 14,5 мың шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған жол салынған. Мұнымен қоса басты жол қиылыстарындағы кептелістерді болдырмай, әрі қозғалыс жүктемесін азайту мақсатымен 7 оң жақ бұрылыс салынған.

Атап өтелік, «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында, сегіз жол бөлігінде және жергілікті тұрғындармен кездесуден кейін 50 жерде көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен, бүгінде қала ішіндегі қоғамдық көліктер 52 бағыт (автобустар – 40 бағыт, шағын автобустар – 9, трамвайлар – 3) бойынша, 395 бірлік жылжымалы құраммен (автобустар – 304, шағын автобустар – 68, трамвайлар – 23) халыққа қызмет көрсетуде. Айта кетейік, жолаушылар тасымалы жүйесін модернизациялау негізінде, жылжымалы құрамды жаңалау жұмыстары жүзеге асырылуда. Осыған орай, 2021 жылы 18 автобус, ал 2022 жылы  – 53, сондай-ақ, 2023 жылы 42 автобус сатып алынған екен. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу