KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
523.86 544.34 5.11

Ермек Көшербаев: «Риддерлік ЖЭО-дағы штаттан тыс жағдай бақылауда» (видео)

Бүгін, 10:52 65 Төлеуғазы Жансая

 

Бүгін Риддер жылу электр орталығында штаттан тыс жағдай орын алды: газбен дәнекерлеу жұмыстарының нәтижесінде газ-ауа қоспасы кернеуі салдарынан сызат пайда болды. Жұмыстар көмір беретін транспортерде жүргізілген еді. Станцияның жұмысы тоқтатылмай, тұрғындарға пәтерлеріне жылу беру жалғасады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Станция басшылығының мәліметінше, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты жән қажетті медициналық көмек түгелдей көрсетіледі.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев шұғыл келді. Ол жылу орталығының жағдайын қарап шығып, кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті.

Құрметті Риддер қаласының тұрғындары, бүгін Риддер ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алды. Біз стансаны толық араладық. Қазандық агрегаттары қалыпты жағдайда. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Осы жағдайға түсіністікпен қарауды және тексерілмеген дереккөздерге сенбеуді сұраймыз, - деді Ермек Көшербаев қала тұрғындарына қарата сөйлеген сөзінде.

Станция жұмысы штаттық режимде жалғасуда. Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу беру тоқтатылмайды.

- Жағдай бақылауда, жабдық іркіліссіз жұмыс істейді. Қала тұрғындарының үйлеріне тұрақты жылу беруде еш қауіп жоқ. Жағдайды толық бағалау үшін барлық қазандық агрегаттары мен негізгі жабдықтарға қосымша тексеру жүргізіледі, - деп хабарлады «Шығыс жылу» АҚ Риддер қаласындағы филиалының директоры.

Оқыс жағдайдың себептері анықталуда. Оқиға орнында мамандар жұмыс істейді, олар болашақта осындай жайттарды болдырмау үшін қажетті тексерістер жүргізеді.


Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу