KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Дәрігер екпе алуға кеңес берді

Фото: pexels.com

Кеше, 19:00 61 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің конференц залында облыс тұрғындары арасындағы көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты журналистерге арналған брифинг өтті.

Брифингті аталмыш департамент басшысының орынбасары Сауле Сләмғазина жүргізіп, 2024 жылғы 4-ші  желтоқсандағы жағдай бойынша мәлімет берді.

Осы уақытқа дейін облыс аумағында көкжөтелдің 117-жағдайы расталып тіркелген болса, оның қарқынды көрсеткіші 15,9 % құраған.

Оның ішіндегі 115 жағдай 14 жасқа дейінгі балаларға (73,15%). тиесілі екендігі эпидемиолог дәрігерлерді алаңдатып отырған көрінеді.

Нақтылап айтар болсақ, көкжөтелмен ауырғандар Өскемен қаласында 94, Ұлан ауданында 9, Глубокое ауданында 4, Зайсан ауданында 3 жағдай, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында 2 жағдайдан, Риддер қаласы мен Күршім және Алтай аудандарында 1 жағдайдан тіркелген екен.

- Бізді алаңдатып отырғаны бұл індеттің 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 39, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында - 68 жағдай, 6-дан 9 жасқа дейін-8, ал 19 жас және одан жоғары – 2 жағдайдың тіркелгендігі, - дейді Сәуле Есенгелдіқызы.

Көкжөтелге шалдықты - деп ресми түрде тіркелген 145 баланың ішінде 93 бала екпе алмаған екен. Оның ішінде екпе жасына жетпегендер - 9, медициналық қарсы көрсетілімдер - 28, екпеден бас тартқандар саны - 47, екпені өткізіп алғандар - 9. Үш науқастың егу мәртебесі белгісіз.

Өткен жылмен салыстырар болсақ,  2023 жылы  расталған көкжөтелдің 3-жағдайы тіркеліп, қарқынды көрсеткіші 0,4% құраған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай (1,9%).

Аурушаңдық жағдайлары Күршім ауданында және Өскемен қаласында тіркеліпті.  Көкжөтелмен ауырғандар 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген.

- Мұның барлығы уақытында екпе алмағандықтан. Өздеріңіз көріп отырғандай екпе жасына жетпегендер бойынша – 1 жағдай, медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша - 2.

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ШҚО тұрғындарын көкжөтелге қарсы иммундау жағдайы ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша нысаналы топтағы балалардың профилактикалық екпелермен қамтылуы:

Бір жасқа дейінгі балалар арасында:

- бастапқы кешен бойынша АКДС3+Hib3 – 83,7% 6465 бала егілді.

Бір жасқа толған балалар арасында:

АКДС4 + Hib4– 83,2%, 7338 бала ревакцинациямен қамтылды.

6 жастағы балалар арасында екпемен қамту АбКДС- 80,6% құрады.

Сонымен 10 айдың қорытындысы бойынша мақсатты топтағы балалар екпемен толық қамтылды.

- Бұл инфекциялар қаупінің болмауы - тек профилактикалық егулерді кеңінен жүргізудің арқасында қол жеткізілгендігін ата-аналардың естеріне салғым келеді, - дейді дәрігер.

 Серік Құсанбаев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу