Қор нарығында доллар тағы арзандай түсті
Фото: turantimes.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 440,55 теңге болғанын мәлімдеді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 61,11 теңге (-0,13) болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Еуро бағамын Ұлттық банк 485,4 теңге, рубльді 4,88 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 443-446,5 теңге, еуро 486,5-491 теңге, ресей рублі 4,83-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 12 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы өсті.
Оқи отырыңыз