KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Экологиялық қылмыс жасағандар 10 жылға сотталады

Фото: vrubcovske.ru

28.02.2024, 23:00 123

Еуропалық Одақ экологиялық қылмыс жасағандарды 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Еуропарламент депуттары "Табиғатты қалпына келтіру" туралы жаңа заңды мақұлдады, деп хабарлайды Altainews.kz cайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Соған сәйкес көк тунецті заңсыз аулағандар, улы қалдықтарды жерсіндіріп, қоршаған ортаны ластағандар, озон қабатын бұзатын заттарды пайдаланғандар қылмыстық жазаға тартылады.

Экоцидке жол беріп, адам өліміне себепкер болған кәсіпорын басшылары 8-10 жылға дейін түрмеге тоғытылмақ.

- Экожүйені қалпына келтіріп, биоәртүрлілікті сақтау үшін бәріміз ортақ саясат ұстануымыз керек. Жасыл экономиканы дамытуға бағытталған заңның игілігін фермерлер мен балықшылар бірінші боп көретіні сөзсіз, - дейді Еуропалық Парламенттің депутаты Сезар Луэна.


                                                                     

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив