KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Бүгін – Жаңару күні

Фото: bad.kz

19.03.2024, 10:07 139 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгін Қазақстан халқы Жаңару күнін қарсы алды. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.

Наурызнама онкүндігі аясында атқарылатын іс-шаралардың мәні мен маңызы зор. Жаңару күні сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. Сондықтан бүгін елімізде көптеген көшеттер отырғызылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Елімізде жаңару символдарының бірі – «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы, оның аясында ел өмірінің түрлі салаларында оң өзгерістер (саяси және экономикалық реформалар, білім беру саласы және т.б.) жүзеге асып жатыр. 

– Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі.  Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар бен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді, – деп баяндалған Наурызнама тұжырымдамасында. 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив