KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Мобильді аударымдар мәселесі қайта қаралатын болды

Анель Абзалбекованың суреті

13.02.2024, 12:21 158

Мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта пысықталатын болды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Біз қаржылық-экономикалық блоктың ішінде бұл мәселені қарастырамыз. Өлшемшарттарын, тетіктерін әлі де егжей-тегжейлі қараймыз. Бұл сұраққа қайта ораламыз, - деді ол.

Десе де, Қаржы министрі Мәди Такиев Такиев мобильді аударымдарды тексеру бәрі бір қалатынын атап өтті.

- Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек. Яғни, бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті.  Сондықтан біз түрлі режимдерді қарастырып жатырмыз. Осы режимдер арқылы салық жүйесі қалай жұмыс істейтінін ойластырып жатырмыз. Бұл бәрін бір арнаға тықсырып тастау деген сөз емес, - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу