KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды

Фото: instagram.com/oqu_agartu_ministrligi/

28.03.2024, 14:15 121 Мадина Амангелдіқызы

Енді мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады.

Қазіргі таңда электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қостанай облысының бірқатар мектептерінде апробациядан өтті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

ETANDAU.GOV.KZ - бұл мұғалімдерге арналған оқулықтарды таңдаудың ашық жүйесі.

- Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Педагогтер оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуын ескере отырып, өздеріне ұнайтын оқулықты өз бетінше таңдай алады. Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтіп жатыр. Айта кетейік, бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болмақ, - делінген министрліктің хабарламасында.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив