KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Мемлекет жылу энергетикасы саласын бақылауды күшейтеді

Фото: depositphotos.com

3.04.2024, 15:35 6 175 Ержан Әбіш

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат жобалары бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Қазір «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң жоқ. Бұл көптеген проблеманың жинақталуына әкелді. Аталған мәселелерді реттеу мақсатында министрлік осы заң жобасын әзірледі, – деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Заң жобасы жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Құжат аясында бүкіл салаға мониторинг жүргізу ескерілген.

Сонымен қатар заң жобасы тариф белгілеу қағидаттарын айқындауға бағытталған, яғни тарифтік реттеу қағидаттарын және өлшемшартты белгілейді.

Бұл ретте жылу энергиясына тарифтерді экономикалық негіздегі деңгейге келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету және халық арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін әлеуметтік осал тұтынушыларды тікелей бюджеттік қолдауды жүзеге асыру тетігі қарастырылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу