Кімдерге қарбыз бен қауын жеуге болмайды?
Фото: depositphotos.com
Қант диабеті және семіздікпен қиналатын адамдарға қарбыз бен қауынды абайлап жеу керек. Себебі олардың құрамында қант көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ панкреатит, ұйқы безінің асқынған аурулары, органдарға тас түзілу, метеоризм және диарея секілді асқазан-ішек жолы проблемалары бар адамдарға қарбыз бен қауын жеу ұсынылмайды.
Тағы бір ескеретін нәрсе – тағамдық аллергия. Ол арамшөптердің тозаңына аллергиясы бар адамдарда туындауы мүмкін. Симптомдарға терінің қышуы, түшкіру, мұрыннан су ағу, мұрынның бітелуі, тамақтың, тілдің, еріннің және таңдайдың ісінуі және шаншуы, дене температурасының жоғарылауы, ентігу, тұншығу, құсу, диарея, метеоризм, іштің ауыруы және жүрек айнуы жатады.