KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Ұлттық музейге 10 жыл: суретшілер туындыларының каталогы жарық көрді

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

15.07.2024, 17:49 87 Ержан Әбіш

Ұлттық музейде «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» көрмесінің аясында отандық суретшілердің туындылары топтастырылған каталогы жарық көрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агнеттігіне сілтеме жасап.

– Биыл Ұлттық музейдің 10 жылдығына арналған бірнеше іс-шара жоспарланған. Солардың бірі – бейнелеу өнері бойынша біздің қордағы туындылар көрмесі. Бұл көрмені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіп тамашалады. Жылы лебізін білдірді. Біздің қорда 4 мыңнан астам картина бар. Бүгінгі көрме сәуірде ашылды, келесі аптада басқа көрме жұмысын бастайды. Көрмеге 200-ге жуық туынды қойылды, – деді Ұлттық музей директорының орынбасары Ақмарал Ибраева.

Мерейтойлық көрмеге ұлттық музей қорындағы Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайылов, Орал Таңсықбаев, Салихитдин Айтбаев, Үкі Әжиев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Ысмайылова, Камиль Муллашев, Амандос Ақанаев, Ерболат Төлепбай, Алпысбай Қазғұлов, Ағымсалы Дүзелханов және тағы басқа танымал қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, туындылардың басым бөлігі халыққа алғаш рет көрсетіліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив