Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды: не білу керек?
pixabay.com
3 шілдеден бастап докторантураға түсу үшін өтініш қабылдау басталды. Бұл науқан 3 тамызға дейін жалғасады. Ал емтихандар 4–20 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өтініш беру процесі онлайн жүргізіледі. Тіркелу үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жеке кабинет ашып, құжаттарды сол арқылы тапсыру керек.
Докторантураға түсушілер тек бір ғана ЖОО мен бір білім беру бағдарламасы тобын таңдай алады. Егер қандай да бір деректі өзгерту керек болса (мысалы, қала, бағдарлама тобы, тест тапсыру тілі), онда өтініштерді қабылдау аяқталғанша, яғни 3 тамызға дейін өзгеріс енгізуге болады.
9 тамызда әр үміткер өз жеке кабинетінде емтихан өтетін орны мен уақытын көре алады.
Емтихан қалай өтеді?
Түсу емтиханы үш бөлімнен тұрады:
- Әңгімелесу
- Эссе жазу
- Өз саласы бойынша тест сұрақтарына жауап беру
Барлығы 100 балл қойылады. Оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бейіндік пән – 50 балл. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 75 балл жинау қажет.
Докторантураға түсу үшін:
- Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы ҚАЗТЕСТ сертификаты
- Ағылшын тілін білетіндігі туралы халықаралық сертификат (мысалы: IELTS, TOEFL, Duolingo English Test) қажет.
- TOEFL ITP сертификаты барлар қосымша ағылшын тілі тестін тапсырады.
Айта кету керек, 2024 жылдан бастап шет тілін білуге қойылатын талаптар жеңілдетілді. Енді сертификаттың ең төменгі деңгейі – B1.
Бұл бағдарламада шет тілі сертификаты талап етілмейді және эссе жазу міндетті емес. Емтихан барысында тек әңгімелесу, бейіндік сұрақтар және ұсыныс хат (болған жағдайда) қарастырылады. Ең жоғары балл – 80. Шекті балл – 50.