KZ
Өскемен
-5°
плотный туман жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Осинов асуында жол жұмысы жанданады – ШҚО

шартты сурет

31.03.2023, 10:10 234 Оразай Жеңісұлы

Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысы қайта жанданады.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Жаңа Бұқтырма кентінде болған есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– 11 сәуірде бірінші учаскеге арналған конкурстық рәсімдер аяқталып, құрылыс басталады. Қазір ҚР ИИДМ-де жоба түзетіліп, мамыр айында жолдың екінші учаскесіне конкурс жарияланады. Аймақ үшін маңызды зор жолды аяқтайтынымызға сенімдімін – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ кездесуде жылу желілерін жөндеу туралы мәселе көтерілді. Аймақ басшысы бейінді ведомствоға жағдайды егжей-тегжейлі зерделеуді және жаңа жылыту маусымына кент апатсыз режимде кіргізуді тапсырды.

– Мұндай ауқымды абаттандыру жұмыстары Жаңа Бұқтырма кентіне жаңа серпін береді, – деп түйді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив