KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Риддердегі жылу орталығының мәселесі қаралды

17.04.2023, 10:23 385 Оразай Жеңісұлы

   AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысында жергілікті атқарушы органдардың Глубокое ауданының Предгорное ауылы мен Белоусовка кентін сумен жабдықтау бойынша атқарған жұмыстары және Риддер қаласын жылумен жабдықтау мәселесі қаралды.

  Комиссия мүшелерінің айтуынша, өткен қыста аталмыш елді мекен тұрғындарынан көп арыз-шағым түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қыс ішінде Риддер қаласында жылыту қазандығы істен шыққаны белгілі. Тіпті бұл келеңсіз жайт бірнеше рет қайталанды. Биыл да сондай жағдайға тап болмас үшін ерте қамдану керек. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу маңызды, – деді Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Таумұрат Лұқпанов.

Аманаттықтардың жиынында көтерілген мәселеге қатысты Риддер қаласының әкімі үн қатты.

– Жылыту кезеңі басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтаудың жолын қарастырып жатырмыз. Қаланы жылумен қамту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, олқылықтар жойылады, – деді Риддер әкімі Дмитрий Горьковой.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив