KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да кене энцефалитін жұқтыру деңгейі жоғары

Фото: Шартты сурет

17.04.2023, 17:17 380

ШҚО-да қазір кене энцефалитіне қарсы шаралар жүргізіліп жатыр. Кене энцефалиті – тұрақты табиғи ошақтарда пайда болатын қауіпті вирустық инфекция. Вирус ауырған адамнан өзге адамға жұқпайды. 
Аймақтағы кене энцефалитінің эпидемиологиялық ахуалы жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Бұлбұл Сағидолда, штаттан тыс бас иммунологы Иван Мещеряков және штаттан тыс инфекционисі Назигуль Сапарғалиева мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

–    Облыс аталған инфекцияны жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағында. Оның тіркелу көрсеткіші республика бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары. Әдетте кене қаупі маусымы сәуірде басталып, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қыркүйектің соңына дейін созылуы мүмкін. Табиғи ошақтарға облыстың Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Өскемен, Алтай, Риддер қалаларының маңындағы аумақтар жатады, – деді облыстың бас эпидемиологы Бұлбұл Сағидолда. 

Өткен жылғы эпидемиологиялық маусымда облыс аумағында инфекция жұқтырудың 9 жағдайы тіркелген. 
Мамандар табиғат аясына да сақтық шараларын орындауды ескертті. Дәлірек айтқанда, қалың шөпке отырмау және жатпау, киімді, денені және заттарды жиі тексеріп тұру қажет. Киімдерді қағып, сілкіп, денені тексеру керек. 

    Кенені алып тастау бойынша өзбетінше әрекет жасауға болмайды. Адамға қауіпті қоздырғыштарды тасымалдауға талдау жүргізу үшін алғашқы профилактика жүргізілетін және кене жойылатын травматологиялық орталыққа бару ұсынылады. Егер кене жарақат орталығына енбей тұрып алынған болса, онда дәрігерлерге бару қажет. Аудандық медициналық орталықтарға, ШҚО Өскемен қаласы бойынша травматология диспансерінің (Қазыбек би, 11) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ана мен бала орталығына» және ересектер үшін «№4 қалалық ауруханаға» жүгінуге болады, деп атап өтті мамандар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив