«Обырды емдеуге жағдай жасалған, енді тек скринигті күшейту керек» - ШҚО әкімі
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде өтіп жатқан жиын барысында аймақ басшысы Ермек Беделбайұлы жауапты сала басшыларына онкологиялық аурулардың алдын алу үшін скринингтік шараларды күшейтуді тапсырды.
Қатерлі ісікті ерте бастан анықтау Өскемен және Риддер қалаларында, Алтай, Үлкен Нарын аудандарында бәсең. Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші өкпе, колоректалды және ұйқы безінің қатерлі ісіктері есебінен ұлғайды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев мәлім етті.
Айта кету керек, келесі жылы ШҚО-да медицина саласына бөлінетін қаражат көлемі артпақ.
Ажар Мұратқызы
Фото: Махаббат Ахметжанова