KZ
Өскемен
-4°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өнімді шығарумен шектелмей, өңдеуге ден қою назарда

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Бүгін, 12:30 81 Төлеуғазы Жансая

Өңірдегі жауапты сала басшыларына балық өнімдерін шығарып қана қоймай, оны өңдеп консервілерін шығаруды қолға алу керек. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде өтіп жатқан жиын барысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев атап өтті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Балығы жоқ өзге өңірлер осы өнімнен консервілер шығарып, тиімді табыс көзіне айналдырып отыр. Ал біздің балықшылар әлі күнге дейін тек балық аулаумен ғана айналысып жүр. Біздің балықшылардың аулаған өнімдерін өзгелер тиімді пайдаланып жүр, - деді Ермек Көшербаев. 


Жиында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Есентаев 2030 жылы облыс бойынша жыл сайын 9 774 тонна тауарлық балық алу жоспарланып отырғанын айтты. 

“Оның ішінде: 8578 тонна албырт тұқымдас, 1151 тонна тұқы тұқымдас және 45 тонна бекіре тұқымдас балық түрлері бар”, - деді басқарма басшысы. 


Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу