Екпе егу көрсеткіші “ақсап” тұр, түсіндіруді күшейту керек - ШҚО әкімі
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің отырысында облыс әкімі Ермек Көшербаев тұрғындарды екпемен қамтамасыз ету мәселесін басты назарда ұстауды тапсырды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл тұрғыда ақпараттандыру жұмыстары аса маңызды екенін атап өткен аймақ басшысы өңірдің бас медиа-орталығына халық арасында екпе алу жұмыстарына байланысты ашық әрі түсінікті баяндалатын бейнероликтер түсіріліп, таратуға атсалысуға шақырды.
Екпе егу жұмыстарының “ақсап” тұрғанын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев былай деп түсіндірді:
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес нысаналы топтағы балаларды профилактикалық егумен қамтудың нормаланған көрсеткішіне (86,9-91,3%), облыстың медициналық ұйымдары 13 екпе түрінің 9 бойынша қол жеткізсе, өкінішке орай, 4 екпе түрлері бойынша межелі көрсеткішке қол жеткізе алмаған екен.
Ажар Мұратқызы