ШҚО-да жануарлар арасындағы құтырма ауруының алдын алу шаралары бойынша халықты ақпараттандыру жұмысы күшейтілмек
Өңір әкімі Ермек Көшербаев әкімдік отырысында Шығыс Қазақстан бойынша құтырма ауруының алдын алу шаралары және жануарларда ауру белгілері байқалған жағдайда әрекет ету алгоритмі бойынша халықты ақпараттандыру жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
— Құтырма ауруын дер кезінде анықтап, оқшаулаумен қатар, халықты қауіп-қатерлер туралы ақпараттандыру маңызды. Әсіресе, жабайы жануарлармен байланыс ықтималдығы жоғары аудандарда бұл өзекті. Тұрғындар осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін біліп, өз денсаулығының қорғалғанына сенімді болуы тиіс, — деді өңір басшысы.
ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтың айтуынша, мамандар алдын алу шараларын белсенді жүргізуде. Оған үй жануарларын вакцинациялау, жабайы жануарларды бақылау және анықталған жағдайларға жедел әрекет ету кіреді. Қазіргі таңда жағдай бақылауда.
Оқи отырыңыз