KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Өскемен әуежайы – өзгеше

шартты сурет

19.05.2023, 11:50 403 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының әуежайы 60-жылдардың ортасынан бері тұрақты әуе рейстерін жүзеге асырып келеді. Әуелі Ан-24 әуе кемесі, кейінірек Як-40 және Ту-154 реактивті ұшақтары қосылып, ішкі және халықаралық бағыттарға қатынады.

Еліміз тәуелсіздік алғанда әуежайды «Ертіс авиа» және «Үлбі» кәсіпорындары басқарды. Кейінірек бұл қызмет «Өскемен әуежайы» АҚ-ға берілді. Дәл осы кәсіпорын бүгінге дейін өңір тұрғындарын Астана, Алматы, Қарағанды қалаларына және шетелге самғатып келеді.

Өскемен әуежайында кейінгі онжылдықта болған елеулі өзгеріс –  екі жүз жолаушы еркін сыятын жаңа терминалдың салынуы. Сондай-ақ жуықта ұшу-қону жолағы жаңартылғанын айта кетуіміз керек.

 

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында әуежайды қайта жаңарту толық аяқталды. Нәтижесінде ұшу-қону жолағы 2 100 метрден 2 800 метрге дейін ұзарды. Бағыттау жолағы жөнделді, оған қоса перронға күрделі жөндеу жүргізілді. Жаңа тұрақ орындарын салу, жарық-сигнал беру жабдығын, бейнебақылау және жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары аяқталды.

Жаңа гараж және бақылау-өткізу пункті ғимараты бой көтерді. Тәулігіне 30 тоннаға жүк қабылдайтын терминал және 100 тонна жүкті уақытша сақтай алатын қойма салынды.

 

Биыл әуежай қызмет көрсеткен жолаушылар саны өткен жылғымен салыстырғанда 25%-ға өсіп отыр. Жыл басынан бері 117,8 мың жолаушыға қызмет көрсетілді.

Өскемен әуежайы қайта жаңартылғаннан кейін «Эйр Астана», «Скат», «Флай Арыстан», «Қазақ Эйр» сынды ірі әуе компаниялары рейс ұйымдастыруға кірісті. Дәл бүгін Түркияның Анталия қаласына халықаралық рейс іске қосылғанын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив