Үржар, Өскемен әуежайлары жаңартылады
Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңартылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2018 жылы Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы 10,7 миллиард теңгеге жөнделді. ол республика және халықаралық рейстерді қабылдау үшін ашық. Енді 2019-2021 жылдары Өскемен әуежайын жаңғырту және Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңарту көзделіп отыр», – деді басқарма басшысы.
Оқи отырыңыз