KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Риддер ЖЭО: жөндеу жуық арада басталады

24.05.2023, 14:50 347 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі Даниал Ахметов жылу энергетикасымен, жылу электр орталықтарын жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді.

Риддер жылу электр орталығын жөндеу жуық арада басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Кешенді тәсіл арқылы алты қазандық агрегаты (үш жоғары қысым және үш орташа қысым қазандығы) және жылу орталықтары жөнделеді. Бүгін кешке аталмыш компаниялар тікелей Риддер жылу электр орталығына жасаған жедел талдау нәтижелерін ұсынады. Соның нәтижесінде әрі қарайғы әрекеттер алгоритмі түсінікті болады. Бұл үшін қаржылық мүмкіндіктер бар, жабдықтың бір бөлігі сатып алынды, – дейді облыс әкімі.

Өңір басшысы жылу көзінің кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асатынын, тиісті талап-арыздар берілгенін атап өтті.

– Президент тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін. Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек, – деді облыс әкімі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив