KZ
Өскемен File engine/modules/json_openweathermap_pogoda_one_day.php not found.
[rates-money]{m-rates-USD}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-EUR}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-RUB}[/rates-money]

Қайсенов кентінде бос орындар жәрмеңкесі өтті

шартты сурет

19.05.2023, 11:00 102 Оразай Жеңісұлы

Қасым Қайсенов кентінде өткен бос орындар жәрмеңкесінде төрт адам тұрақты жұмыс тауып, қырыққа жуық жұмыссыз пайдалы кеңес алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұлан ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Мәдениет үйінде ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесіне 14 жұмыс беруші, екі оқу орталығы мен елуден астам жұмыссыз азамат қатысқан. Шара барысында халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысушыларға «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» сынды бағдарламалардың шарттарын түсіндіріп, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын бағдарламалар жайлы айтты.

Сонымен қатар мұнда соңғы үш жылда шағын бизнесті дамытуға грант алған азаматтардың өндірген тауарлары мен қызметтерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінгі күні аталған азаматтардың көпшілігі үйде компьютерлік қызмет көрсету, ағаш бұйымдарын дайындау, сүт өнімдерін өндіру және басқа да қызмет түрлерін көрсетумен айналысып жатыр.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша он адам қайта даярлау курстарында оқуға ниет білдірсе, төрт адам жұмысқа орналасуға жолдама алып, 38 адам өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес алды.

Мұндай жәрмеңкелердің осымен тоқтап қалмай, ары қарай да жалғасын табатынын атап өткен аудан әкімдігі қазіргі уақытта жастарға жазғы уақытта жұмыс істеп, ақша табуға мүмкіндік беретін «Жасыл ел» бағдарламасы басталғанын хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу