KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 3 м/с, СБ
443.35 475.54 4.82

Мамық маусымында өрт жиілеуі мүмкін – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

1.06.2023, 23:47 218

ШҚО ТЖД әдетте маусым айында облыс аумағында мамықтың тұтануынан өрт деректері жиілейтінін жеткізді. Бұл кезеңде өрт сөндірушілер күніне 10 мәртеге дейін шақыртуға баратын көрінеді.

Өрттің басым бөлігі от жағу кезінде мұқият қадағаламау мен балалар қызық көріп мамықты өртеген мезетте жалынның тарауынан болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамық жанғыш ұнтақ сияқты тез өртеніп, жан-жаққа жалын шашатын көрінеді. Сонымен қатар гараждар, тұрмыстық құрылыстар мен үйлердің маңында мамықтың көп үйілуі қауіпті.

ШҚО ТЖД бірқатар ережелерді хабарлады. Мамандар мамық жиналатын жерлерді, әсіресе ағаштан тұрғызылған ғимараттардың маңайын үнемі тазалап, су шашып, балалар мен жасөспірімдерге мамықты өртеуге жол бермеу керектігін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпорындар мен мекемелер темекі шегу тәртібіне бақылау орнатуы керек. Алау жағу мен қоқысты өртеуге қатаң тыйым салу, дәнекерлеу және басқа да қауіпті жұмыстарға мұқият дайындалу қажет.

Өрт шыққан жағдайда дереу «101»  немесе «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив