KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО құтқарушылары кемедегі өртті сөндіруге дайындық жүргізді

ШҚО ТЖД

23.06.2023, 11:41 259 Мадина Амангелдіқызы

Кемедегі өртті сөндіру ең қиын саналады. Осы ретте ШҚО құтқарушылары акваторияда өрт сөндіруге дайындық жүргізді.

ШҚО ТЖД «Портагарант» ЖШС-мен бірлесіп арнайы оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу өрт қауіпті маусымның және судағы навигацияның басталуына байланысты дайындық мақсатында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоспар бойынша теплоходтың машина бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып, өрт шығады. Команда жалынды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге тырысқанымен, одан еш нәтиже шықпайды. Капитан дабыл қағып, өрт сөндірушілерді көмекке шақырады. Осы уақытта кемеде қозғалтқыш істен шығып, инерциямен жағаға қарай жылжи бастады. Көмекке 3 өрт сөндіру көлігі, моторлы қайықпен құтқарушылар және медициналық қызмет келеді. Олар жеткенге дейін кеме қызыл жалынға оранып, осы кезде кеменің екі қызметкері теплоходтан қашып, суға секіріп кетті. ШҚО ТЖД қызметкерлері экипажды судан алып шығып, жағаға жеткізеді. Оларға мамандандырылған жасақтың дәрігерлері алғашқы көмек көрсетеді.

Ал бұл уақытта басқару тетігі істен шыққан кеме жағаға келіп тіреліп, нәтижесінде құрғақ шөптер, бұталар өртеніп, саяжай массивіне қауіп төнді. Су көлігі мен жағалау аймағындағы өртті сөндіруге арналған "Ледокол-2" өрт сөндіру кемесі көмекке келеді. Капитан өрт сөндіру есебіне жанып жатқан кеме мен жағалау желісіндегі өртті сөндіру үшін 4 стационарлық лафетті оқпан беру туралы бұйрық береді.    

Құрамында 3 бөлімшесі бар өрт сөндіру бөлімшелері саяжай бағытында өрттің таралуына жол бермеу үшін 500 шаршы метр аумақта жанған бұталарды сөндіруге кірісті.

  "Су айдынында да, құрлықта да отпен күресте бөлімшелердің іс-қимылдары үйлесімділігінің арқасында кемедегі өрт пен шөптің жануы сәтті сөндірілді. Бұл жерде тартылған күштердің іс-қимылын үйлестіретін өрт сөндіру штабы орналастырылды. Кемедегі өрттер ең қиын болып саналады. Кеңістіктің тұйықталуы, жалынның тез таралуы және температураның жоғарылауы, отынның үлкен көлемінің болуы қауіпті факторлар болып табылады. Біздің міндетіміз нақты дағдыларға барынша жақын жағдайларда тиісті дағдыларды пысықтау болды", - деді ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев. 
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив