KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Кәсіпкерлер Антикордан көмек сұрады – ШҚО

Фото: gov.kz

29.06.2023, 21:33 248

ШҚО Қоғамдық кеңесінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің кезекті отырысы өтті.

Шараға салаға жауапты мемлекеттік органдардың мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара барысында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» ӨКП бірлесе іске асырып жатқан «Бизнеске жол» жобасының тиімділігі талқыланды. Жоба кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатын көздейді.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпкерлерден 47 өтініш тіркелді, оның 23-і оң шешілген. Нәтижесінде 236 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Негізінен, кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемалар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің жеткізушілер алдындағы берешегіне, нормативтік актілердегі әкімшілік кедергілер мен қайшылықтарға байланысты.

Сонымен қатар отырыста ұзындығы 415 шақырымды құрайтын «Қалбатау-Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңартуға қатысты мәселелер қаралды. Оның 231 шақырымы облыс аумағында орналасқан. 2016 жылғы шілдеде жасалған шартқа сәйкес, жұмысқа жалпы сомасы 155,7 миллиард теңге жұмсалады. Жобаны қаржыландыру республикалық бюджет (15%) пен Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінің қарыз қаражаты (85%) есебінен жүзеге асырылады. Қазір бірыңғай мердігер ретінде «China Xinxing Group Co., Ltd» таңдалған.

«Қазавтожол» облыстық филиалы директорының орынбасары Дамир Сапарғалиевтың айтуынша, жобаны іске асыру мерзімі COVID-19 пандемиясы мен құрылыс материалдарының бағасының өсуіне байланысты өзгерген. Отандық мердігердің өз міндетін бұзу фактілері бойынша өткен жылы Антикор қылмыстық іс қозғады. Қазір бюджет қаражатына келген шығынды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатқан көрінеді.

Комитет мүшелері жобаның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атай отырып, құрылыс барысына қоғамдық бақылау жүргізу үшін мердігердің мәселелерінің тізімін және жұмыстың орындалу кестесін комитетке ұсынуды талап етті. Алдағы уақытта жұмысты орындау кестесі бұзылған жағдайда қатаң шара қабылдау ұсынылады.

             

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив