KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да атышулы автожол құрылысы мен бизнес мәселелері талқыланды

Фото: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті

29.06.2023, 10:35 222 Ләззат Қанатқызы

«Антикор орталығында» Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылып жатқан Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және «Атамекен» ӨКП жүзеге асыратын «Бизнеске жол» жобасының тиімділігін талқылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпкерлерден 47 өтініш тіркелді, олардың 23-і оң шешімін тапты, нәтижесінде 236 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Негізінен, кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемалар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің жеткізушілер алдындағы берешегіне, сондай-ақ нормативтік актілердегі әкімшілік кедергілер мен қайшылықтарға байланысты, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті.

Отырыста сондай-ақ ұзындығы 415 шақырымды құрайтын «Қалбатау-Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңартуға қатысты мәселелер қаралды. Айта кету керек, оның 231 шақырымы ШҚО аумағында орналасқан. Жұмыстар 2016 жылғы шілдеде жасалған шартқа сәйкес, жалпы сомасы 155,7 миллиард теңгеге орындалады. Жобаны қаржыландыру республикалық бюджет (15%) және Қытай экспорттық-импорттық банкінің қарыз қаражаты (85%) есебінен жүзеге асырылады. Қазір бірыңғай мердігер «China Xinxing Group Co., Ltd».

«Қазавтожол» облыстық филиалы директорының орынбасары Дамир Сапарғалиевтың айтуынша, жобаны іске асыру мерзімі COVID-19 пандемиясының, сондай-ақ құрылыс материалдарына бағаның өсуіне байланысты бұзылған. Отандық мердігердің өз міндеттемелерін бұзу фактілері бойынша өткен жылы Антикор қылмыстық іс қозғады, қазір бюджет қаражатын ұрлаудан келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдануда.

Комитет мүшелері жобаның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атай отырып, оның құрылыс барысына қоғамдық бақылау жүргізу үшін мердігердің проблемалық мәселелерінің тізімін және жұмыстың орындалу кестесін комитетке ұсынуды талап етті. Алдағы уақытта жұмыстарды орындау кестесі бұзылған жағдайда қатаң шаралар қабылдау ұсынылады. 

Отырыс соңында комитет мүшелері анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар әзірлеп, оларды әрі қарай өңдеу және орындау үшін мемлекеттік органдарға жіберді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив