KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да кәсіпкерлердің өтінішін жедел қарау үшін мобильдік топ құрылды

25.04.2023, 10:34 273 Ләззат Қанатқызы

20 сәуір күні ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Талғат Башевтың қатысуымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында стационарлық емес сауда объектілері үшін бірыңғай сәулеттік келбеттің болмауы Өскемен қаласының кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік кедергі туындатып жатқандығы және жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Талғат Башев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Бизнес жол» жобасының іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.

– Бизнес өкілдерінің өтініштерін жедел қарау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Атамекен» ӨКП арасында алгоритм әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, прокуратура, «Атамекен» ӨКП және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінен, сондай-ақ жұртшылық өкілдерінен тұратын арнайы мобильдік топ құрылды, – деп атап өтті Талғат Башев. 

Жоба басталғаннан бері 228 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Заңнаманы түсіндіру бойынша түсіндіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуде. Жобаны іске асыра бастағаннан бері 423 кәсіпкердің қатысуымен 39 кездесу өткізіліп, 37 өтініш қарауға қабылданған.

Кәсіпкерлердің күнделікті қалыпты қызметіне кедергі келтіретін нақты проблемалық мәселелерді шешуге ерекше назар аударылуда.

– Мысалы, Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне шамамен 800 млн теңге сомасына конкурсқа қатысу туралы бұрын берілген өтінім бойынша растайтын құжаттаманы ұсыну үшін Астана қаласынан келген ЖШС өкілінің өтініші қаралды. Алайда бөлім қызметкерлері түсініксіз себептермен, атап айтқанда, басшылық пен жауапты қызметкерлердің жоқтығына сілтеме жасай отырып, конкурстық құжаттаманы қабылдаудан негізсіз бас тартқан. Мобильді топтың араласуынан кейін құжаттар қабылданды, – деп атап өтті ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу