Шемонаихада тауарлы-сүт фермаларының саны артып келеді
Шығыс Қазақстан облысында соңғы жылдары тауарлы-сүт фермаларының саны артып келеді.
Мәселен, қазір Шемонаиха ауданында ғана осындай он екі өндіріс ошағы бар. Тағы бес сүт қабылдау пункті жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
– «Рулиха» ЖШС тауарлы-сүт фермасы өндіріс өрісін кеңейтіп жатыр. Сауын сиыр санын 600 бастан 1080 басқа дейін көбейтті. Сондай-ақ 870 асыл тұқымды ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Биыл қаңтар айында 266 бас әкелінді. Кәсіпорын жыл соңына дейін жұмысты аяғына жеткізеді, – деді аудан әкімінің орынбасары Алексей Ахаев.