KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Ұлттық ұлан өкілдері Күршімге табан тіреді

Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

19.07.2023, 16:59 177

14 шілдеде Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобы жұмыс сапары аясында Күршім ауданына ат басын тіреді.

Сапар барысында Ұлттық ұланның басшылық құрамы аудандағы қоғам белсенділерімен, жастармен және оқушылармен кездесіп, насихат жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ақпараттық-насихаттық топ Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен, Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтармен, 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасына» қатысушылармен жүздесті.

Сапар аясында топ Күршім аудандық мешітіне барып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына құран бағыштады. Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткішке, Ауған соғысының жауынгерлерінің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі атқарылды. Ұлттық ұлан өкілдері тарихи-өлкетану музейін аралап, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп те үлгерген. Ұлттық ұлан ән-би ансамблі жергілікті тұрғындар алдында концерт қойып, сапардың соңғы күні делегация аудандық өлкетану музейінде «Алыптан алып туады» бұрышының ашылуына қатысты.

                                                                                              

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив