KZ
Өскемен
-10°
ясно Штиль
495.95 524.37 4.98

Ауған соғысының құрбандарына гүл шоқтары қойылды – ШҚО

14.07.2023, 10:27 311

13 шілде күні әскердің бас тәрбиешісі генерал-майор Қайрат Үмбетов Ертіс өзенінің жағасындағы Ауған соғысының құрбандарына арналған Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ол жат жерде жүріп Отан алдындағы борышын адал атқарған ерен ерлердің ерлігін баяндап, рухтарына тағзым етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Біз бүгін Ауған жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерімізді еске алып отырмыз. Сондай-ақ 1995 жылы тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан Ұлттық ұланның 17 жауынгері де ешқашан ұмытылмайды. Олардың батыл да батыр ерліктері - бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ұлттық ұланның қатарында жүрген сарбаздар қашанда Отанға деген сүйіспеншілігін жоғалтқан емес, - деді генерал-майор Қайрат Жарылқасынұлы.

Сондай-ақ Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Олег Фролов өткен күндер жайлы естелігімен бөлісіп, сарбаздардың жауынгерлік қызметіне сәттілік тіледі. 

Салтанатты рәсімде 5518 әскери бөлімінің оркестрі өнер көрсетті.

Осы іс-шаралар барысында Бас қолбасшының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары Өскемен қаласында тұратын тыл ардагерлерімен де кездесу өткізді. Атап айтқанда, Ұлттық ұланның басшылық құрамы тыл ардагерлері запастағы подполковник Людвик Чиконов пен Мария Сереченконың үйіне барып, жағдайларымен танысты. Сондай-ақ ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың құттықтауын жеткізді.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобы ертең Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Шемонаиха аудандарына аттанады. Олар аудан тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жеткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ жастарды Ұлттық ұлан академиясына оқуға түсуге шақырады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу