KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

18 шілдеде Берел орманшылығында басталған өрт сөндірілді — Катонқарағай

Фото: gov.kz

22.07.2023, 17:44 192

22 шілдеде сағат 11.00-де Катонқарағай ауданының Берел орманшылығының аумағындағы өрт сөндірілді.

Өрт аумағы шамамен 7 гектарды құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД дерегінше, ағаштар мен шөп жабыны жанған.

Өрт 18 шілдеде жетуі қиын таулы, жартасты жерде басталған. Өрт таулы жерде шыққандықтан оны сөндіру қиындай түсткен.

Өрт сөндірушілерге жалынды сөндіру үшін тау-тасты еңсеруге тура келді.

Өртті ауыздықтауға орманшылар, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері атсалысты. Барлығы 155 адам мен 13 техника, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО авиабөлімшесі мен Қазавиаорманқорғаудың 3 тікұшағы жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив