Риддер ЖЭО-ның 6 қазандығын жөндеуге мемлекеттен 7,3 млрд теңге бөлінді
Фото: Шығыс ақпарат
Риддер ЖЭО-ның 6 қазандығын жөндеуге мемлекеттен 7,3 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылу желілерін жөндеуге 1,1 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат Үкіметтің резервінен бөлінді. Риддер жылу электр орталығының қосалқы жабдықтарын қайта құру облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Осы мақсаттарға 570 млн теңге жұмсалды.
Жылу көзінде белсенді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басшылығы қаржы мен жұмыс қолының жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Жөндеуді уақытынан кешіктіруге құқығымыз жоқ", - деп әзілдейді мамандар. Өйткені қазір оларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Іс жүзінде Риддер ЖЭО қиратылған күйден қайта қалпына келтіріліп жатыр.
Көптеген жылдар бойғы немқұрайды жүргізілген шаруашылықтың, бірнеше рет болған апаттардың, өрт пен жарылыстардың салдарын тез арада жою оңай емес. Оның үстіне, орталықтан қаржыландыру да тек шілде айының соңында іске асырылды. Бастапқы кезеңде жөндеу жұмыстарына "Казцинк" көмек көрсетті.
Депутаттар үкіметтік деңгейде шешуді талап ететін мәселелерді тіркеді. Олардың қатарында отынды уақтылы жеткізу және станцияның кадрлық мәселелерін шешу бар.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ЖЭО-ны жөндеу жұмыстарына 500-ге жуық адам қатысып жатыр. Күндізгі ауысымда 400, ал түнде 100 жұмыс күші жұмылдырылып, 14 мердігерлік ұйым тартылған.