KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Аудан әкімдеріне қатысты тапсырма – қаражатты мақсатты пайдаланудың негізі

Фото: Шығыс ақпарат

1.09.2023, 17:42 239

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп баса айтты.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Альмира Сактаева көтерілген мәселе аса маңызды екенін білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында көптеген маңызды сұрақтар айтылды. Экономика қоғамды дамытушы, жетелеуші сала болғандықтан оған өте ерекше көңіл бөлінуі керек. Жергілікті бюджетке түсетін қаражатты сол өңірді дамытуға жұмсау мәселесін шешуде еркіндік беру туралы айтқаны өте орынды деп санаймын. Аудан әкімдеріне қатысты тапсырманы қаражатты мақсатты пайдаланудың негізі деп ойлаймын. Сондықтан оған құқықтық тұрғыдан қолдау көрсетіліп, нормативтік құжаттарды реттеу, қаражаттың орынды жұмсалуы мен нәтижесі біркелкі бақыланып отырса, бірқатар жетістікке жетуге болады деп ойлаймын. Бұл – елді мекендерді дамытуға бағытталған маңызды қадам, – деп пікірін ортаға салды Альмира Сактаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив