ШҚО ПД-да Тілдер мерекесіне орай арнайы сабақ өтті
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
1 қыркүйек күні ШҚ Лингвистикалық орталығының оқытушылары ШҚО ПД-да «Qazaq tili – мемлекеттің тұғырлы тірегі» тақырыбында ақпараттық-танымдық сабақ пен зияткерлік ойын өткізді.
Шара Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сабақ барысында Тілдер мерекесіне байланысты ақпарат, Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың деректер айтылды. Сонымен қатар білім жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту мақсатында танымдық сабақ барысында «1 минут» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Оқи отырыңыз