Заңсыз айналымдағы 22 қару тәркіленді – ШҚО
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
5-9 қыркүйек аралығында ШҚО аумағында «Қару» профилактикалық шарасы өтті.
Шара барысында қаруды сақтау және қайта тіркеу қағидаларын бұзған 37 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 28 қару тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру фактілерін анықтауға, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ұрлауға жол бермеуге, қылмыстың алдын алуға бағытталған.
ШҚО ПД дерегінше, қазіргі таңда департаменттің есебінде қару сақтайтын 8 мыңнан астам адам тіркелген. Оларда 14 мыңнан астам азаматтық қару бар.
– Бес күн ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 15 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 22 қару мен 300-ден астам оқ-дәрі тәркіледі, – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.
Оқи отырыңыз