KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3,6 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО құтқарушылары «Қауіпсіздік қолшатыры» акциясын өткізді

12.10.2023, 20:45 178 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО ТЖД құтқарушылары «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің» тәрбиеленушілерімен акция өткізді.
Балаларға жер сілкінгенде өзін қалай ұстау керек екенін үйрету
үшін ШҚО ТЖД мамандары алғашқы дүмпулер кезіндегі әрекеттер мен ережелер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Бөлмеде қауіпсіз орындар бар екенін білу маңызды, құтқарушылар оларды бөлменің бұрыштарына, ойықтарға, ішкі негізгі қабырғаларына орналастырылған «қолшатыр» түріндегі жарқын белгімен белгілеуге кеңес берді. 

Алған білімдерін балалармен бекіту үшін сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылды.  Оның барысында балалар құтқарушыларға «Қауіпсіздік қолшатырларымен би» флеш-мобын көрсетіп, қауіпті дүмпулер кезінде  орындарды өз бетінше анықтауды үйренді. 
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметі балаларды «Гель» атты төрт аяқты құтқарушымен таныстырды және жоғалған немесе үйіндіде қалған адамдарды іздеудің қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті.
                                                                                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив