ШҚО-да мерекелік концертте үздіктер марапатталды
Республика күніне орай облыс орталығында мерекелік концерт өтіп, әр саланың үздіктері марапатталды.
Марапаттау рәсіміне облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысып, Шығыс жұртын мерекелі күнмен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Тәуелсіздігі тұғырлы, елі егемен халқымыз үшін Республика күнін тойлаудың мәні де, маңызы да зор. Бұл марапаттың барлығы да ел тәуелсіздігін баянды ету жолында тер төккен жандардың еңбегіне берілген баға деп білген жөн.
Ел дамуына үлес қосқан еңбек адамдарын облыс әкімі құттықтады.
Аймақ басшысы жемісті еңбек еткен жандарға «Парасат», «Құрмет», «Еңбек даңқы» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарын және «Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарын» табыс етті.
Сонымен қатар мерекелік концертте әр салада аянбай еңбек еткен бірнеше адамға «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың арасында түркі әлемі жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жерлес ақын Ұлықбек Есдәулет те бар.
Осылайша Республика күні қарсаңында облыс орталығында ел егемендігі жолында ерінбей еңбек жандар марапатталып, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.