Бүгін тұман түсіп, жел күшейеді
Фото: egemen.kz
«Қазгидромет» РМК 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін aнтициклонның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.
Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.
Оқи отырыңыз