KZ
Өскемен
+4°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, З
489.36 533.45 4.99

ШҚО-дағы автомектептердің курсанттары сайысқа түсті

Шартты сурет: kaztag.kz

17.11.2023, 23:12 167

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2005 жылғы 25 қазандағы қарарына сәйкес Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне арналған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы»  акциясы аясында конкурс өтті.

Байқауды ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы «ШҚО автомектептер одағы»  бірлестігімен бірлесіп, облыс автомектептерінің курсанттары арасында өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Байқауға «Автомектеп-М» ЖШС, «Восток-Азия-Авто» ЖШС, «Ұлан» колледжі» мекемесінің филиалы, «Данел» ЖШС, «Рахышев Т.Т.» ЖК сияқты автомектептердің 10-нан астам курсанттары қатысты.

- Конкурс көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін тапсырылатын  емтихандарға барынша жақын өткізілді. Барлық курсанттар жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтиханды өте жақсы тапсырып қана қоймай, көпшілігі бірде-бір қателік жіберген жоқ, сондай-ақ олар 40 минуттың орнына емтиханды 10 минуттың ішінде тапсырып қойды. Практикалық емтихан тапсыру кезінде де курсанттар дәл осындай нәтиже  көрсетті, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Байқау қорытындысы бойынша конкурсанттарға Әкімшілік полиция басқармасы мен «ШҚО автомектептер одағы» кәсіби бірлестігінің бағалы сыйлықтары табысталды. Барлық аталымдар бойынша жеңімпаз атанған «Автомектеп-М» ЖШС курсанты бас жүлдені алып, «GOOD Avto» автосалоны ұсынған 100 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

 

Автор: Жамал Ермен

 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив