KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

ШҚО мен Башқұртстан омарташылары тәжірибе алмасты

22.11.2023, 18:55 351 Мадина Амангелдіқызы

Атағы алысқа кеткен Алтай балының тіл үйірер дәмі мен мың да бір дертке дауа емдік қасиетін берісі еліміздің, арысы шетелдің тұтынушылары жақсы біледі. 

 

ШҚО мамандары бал араларын молекулалық-генетикалық деңгейде сараптаумен айналысатын Башқұртстандағы әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Бүгін Уфа қаласында халықаралық бизнес апталығы басталды. Мұнда араларға молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізетін Ресейдегі алғашқы зертхана ашылды. Ғалымдар нақты генетикалық дәлелдерге сүйене отырып ара тұқымын селекциялау және асылдандыру жұмысын жүргізеді.

 
– Олар қай араның тұқымы бал жинағанын және бал шырыны қай жерден жиналғанын анықтай алады. Зерттеудің заманауи әдістері табиғи таза өнімнің экспортын ұлғайту үшін маңызды және қолдан жасанды бал жасауға жол бермейді, – деп түсіндірді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Каджибекова.


 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бастаған Шығыс Қазақстан өкілдері зертханаға, сондай-ақ Ара шаруашылығы және апитерапия жөніндегі башқұрт ғылыми-зерттеу орталығына барды. Бұл – Башқұртстан Республикасының ара шаруашылығындағы, сондай-ақ апитерапиядағы жетекші ғылыми-өндірістік мекемесі. Мұнда ара шаруашылығы өнімдерін пайдалана отырып тамақ және емдеу-профилактика жүргізу өнімдері, сондай-ақ косметикалық құралдардың 200-ден астам түрі шығарылады. Бұл өнімдердің дені халықаралық және ресейлік көрмелерде жоғары бағаланып, дипломдармен, медальдармен марапатталған. Экологиялық қауіпсіз өнім екендігін растайтын арнайы сертификаты бар.

 

Шығыс Қазақстанның мамандары ресейлік әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытты. ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Елдос Байрахметовтың айтуынша, ара шаруашылығы саласындағы башқұрт мамандары да Шығыс Қазақстанның тәжірибесімен жақынырақ танысуға мүдделі. Екі өңірдің өкілдері болашақта өзара тәжірибе алмасып, бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу